Сіздің облысы: Қызылорда облысы

«Таза қолдар - жедел ішек инфекцияларынан қорғайды!» семинар ұйымдастырылды

Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және №4 қалалық емхананың СӨСҚ мамандарының ұйымдастыруымен «Нұр орда» балабақшасының тәрбиеленушілері арасында «Таза қолдар - жедел ішек инфекцияларынан қорғайды!», Балалардың қауіпсіздігі - ересектердің қамқорлығы, жұқпалы ауралардан сақтана білейік! «Біз қауіпсіз өмірді таңдаймыз!», «Қол жуу ережелері» тақырыптарында семинар ұйымдастырылды. Балаларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды. «Пайдалы тағамдар» тақырыптарында балалардың ой-өрістерін дамыту мақсатында қызықты ойындар ойнатылды.