Сіздің облысы: Қызылорда облысы

"Жедел ішек инфекцияларынан сақтан, астан уланудың алдын ал!!!"семинар өткізілді

10 маусым күні Н.Ергешбаев атындағы №172 орта мектептің жанынан ашылған "БАЛАУСА" күндізгі тынығу лагерінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы және №4 қалалық емхананың СӨСҚ мамандарының ұйымдастыруымен тынығушы балалар арасында "Жедел ішек инфекцияларынан сақтан, астан уланудың алдын ал!!!", "Қауіпсіз өмір", "Салауатты өмір салтын қолдайық!" тақырыптарында семинар өткізілді. Шара барысында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді. "Пойыз бекеттері", "Жарысайық балалар!" атты көңілді ойындар ойнатылды.