Сіздің облысы: Қызылорда облысы

Халықаралық отбасы күні

Отбасын жоспарлау – біздің өмірімізге белсене араласатын түсінік. Көптеген жылдар бойы отбасын жоспарлау тууды шектеу ретінде түсінілді. Бірақ отбасын жоспарлау - армандап күткен, дені сау баласын дүниеге келтіру үшін, ер мен әйел денсаулығын сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, отбасын жоспарлау – баланы кездейсоқ емес, жоспарлы түрде өмірге әкелу деген сөз. Отбасылық жұп ұрпағын өсіру мен тәрбиелеу дайындығын есепке ала отырып, баланы өміге әкелу мәселесіне саналы түрде кірісуі. 19-35 жас – бала туу үшін оңтайлы жас. Егер жүктілік бұдан ерте немесе кеш болса, онда күрделі болатыны дәлелденген. Туу арасындағы интервал 2-2,5 жыл болғаны дұрыс, өйткені, әйел келесі баласын өмірге әкелу үшін, өз денсаулығын мен болашақ балаларының денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Контрацепцияның қазіргі заманғы әдістері интимді қатынасты мейлінше үйлесімді жасап, қажетсіз толқыну мен кездейсоқ жағдайға жол бермейді. Контрацепцияның қандай да бір әдісін қолдану туралы шешімді маманнан кеңес алған соң қабылдауға болады.

Жасанды түсік тууды реттеудің ең қолайлы тәсілі емес, одан мүмкіндігінше бас тартқан жөн. Әсіресе, жасанды түсік жасату әйел бедеулігінің бір себебі. Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекция ер мен әйел бедеулігіне жиі әкеліп соқтыратын себепке жатады.

Жыныс мүшелерінің денсаулығын қадағалау маңызды, өйткені, бала сүю мүмкіндігіне ықпал ететін көптеген аурулар бар. Бұндай ауруларды өз уақытында емдеген дұрыс. Сонымен қатар мамандардан профилактикалық тексеруден өткен де дұрыс.

Қазақстанда халықтың көбеюін қолдауға бағытталған демография саласында нақты мемлекеттік саясат жұмыс жасайды. Отбасын жоспарлау саласында жасалып жатқан жұмыстар отбасыларға ата-аналық борышқа жауаптылықпен қарап, баланың өмірге келуін асыға күтіп, әйел денсаулығын сақтау мен отбасылық қатынастардың беки түсуіне мүмкіндік туғызады.