Сіздің облысы: Қызылорда облысы

Вирустық гепатиттың алдын алу

Гепатит – бауырдың қабынбалы ауруы. Гепатитті тудыратын вирустың A, B, C, D және E деп аталатын бес түрі бар. Осы бес түрі аурудың, соның ішінде індетті таралуының әлеуеттік қаупі және өлім-жітім ауыртпашылығымен байланысты үлкен мәселе туғызуда.

Әлемде балаларды иммундау арқылы В вирустық гепатитінің алдын алуда жетістікке қол жеткізілуде. Оған қарамастан, В гепатитіне қарсы вакцинациямен қамту 2010 жылы иммундаумен 90% қамтуды қарастырған Ғаламдық көріну және 2006-2015 жылдарға арналған иммундау стратегиясында белгіленген көрсеткішке қол жеткізілген жоқ және дифтерия (күл), сіреспе және көкжөтелге қарсы вакцинациямен қамтудың ғаламдық деңгейінен артта қалуда.

Гепатитпен күресте аурудың алдын алуды күшейту, соның ішінде В гепатитіне қарсы вакцинациямен қамтуды кеңейту мақсатында вирустың жұғу жолдары, бауыр циррозы, гепатоцеллюлярлық обыр түрінде аурудың асқынуының алдын алу мақсатында ерте диагностикалау мен емдеу туралы халықты ақпараттандыру маңызды рөл атқарады.