Сіздің облысы: Қызылорда облысы

Туберкулездың алдын алу

Халықаралық туберкулезбен және өкпе ауруларымен күрес одағының бастамасы бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күнін 1982 жылдың 24 наурызынан бастап аталып өтеді. Атап өту күні ауру қоздырғыш – Коха таяқшасының ашылуының жүз жылдығына орайластырылған.

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күнінің мақсаты ғаламдық туберкулез індеті туралы ақпараттылықты және осы ауруды жою бойынша күшті арттыру болып табылады. Дүниежүзілік күн осы аурудың таралуы мен оның алдын алу және емдеу тәсілдеріне назар аудартуға шақыруға арналған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясымен 2014 жылдың мамырында қабылданған ДДҰ-ның туберкулезбен күрес жөніндегі стратегиясы туберкулезбен аурушаңдылық пен өлім-жітімді және апатты шығысты айтарлықтай төмендете отырып елге туберкулез індетін жоюға мүмкіндік беретін тұжырымдаманы білдіреді. Оған ғаламдық көлемдегі келесі нысаналы көрсеткіштер кіреді: 2015-2030 жылдар аралығында туберкулезден болатын өлім-жітімді 90%-ға азайту, жаңа деректер санын 80%-ға және бірде-бір отбасында туберкулезге байланысты жоқшылыққа ұшырататын шығыстарды болдырмауға бағытталған шараларды шектеу.

Соңғы жылдары елімізде туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан шаралырдың арқасында халықтың туберкулезбен аурушаңдылығын және өлім-жітімінің өсуін төмендетуге қол жеткізілді.