Сіздің облысы: Қызылорда облысы

Онкологиялық аурудың алдын алу

Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі – онкологиялық аурулармен күрес. ҚазОжРҒЗИ-дың мәліметтері бойынша 2015 жылы ҚР 36438 науқас анықталған, бұл 2014 жылмен (34 352 науқаспен) салыстырғанда 9,4%-ға көп. ҚР 2011-2015 жылдар аралығында қатерлі ісікпен аурушаңдылық, өлім-жітім көрсеткіштері бойынша Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары көш бастауда.

2016 жылғы Ұлттық скринингтік бағдарламаның орындалу барысында келесі ақпараттар алынды:

- жатыр мойынының ісікалды ауруы және обырын ерте анықтауға тексерумен 376 552 адам (100,3%) қамтылып; 21 832 науқас (5,8%) анықталып; «Д» есепке 15981адам (92,3%) алынды.

– сүт безінің ісікалды ауруы және обырын ерте анықтауға жоспарланған 389 352 әйел (99,6%) қаралып, тексерілгендердің ішінен 100 689 немесе 25,9% науқас анықталып; диспансерлік есепке 85 891 әйел (85,3%) алынды.

– тоқ және тік ішектің ісікалды аурулары мен обырын ерте анықтауға

796 781 еркек пен әйел (101,4%) тексеріліп; тоқ ішектің обыры мен ісікалды ауруының 1 925 оқиғасы (0,2%) анықталып; анықталған науқастардың ішінен диспансерлік есепке 1 870 немесе 97,1% адам алынды.

Тіркелген онкологиялық аурулардың динамикасын зерттеу кезінде бастапқы диагностиканың жақсаруына байланысты ҚР онкологиялық аурушаңдылық деңгейін анықтау орта есеппен 7-ден 11%-ға дейін артатыны болжануда.

Халықаралық обырға қарсы одақ бастамасымен жыл сайын 4 ақпанда Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні аталып өтеді.