Сіздің облысы: Қызылорда облысы

Қант диабетінің алдын алу

Қант диабеті – ұйқы безінің инсулинді (қан құрамында қанттың немесе глюкозаның құрамын реттейтін гормон) жеткілікті өндіре алмауынан немесе ағзаның өндірілген инсулинді тиімді қолдана алмауынан туындайтын қауіпті созылмалы ауру. Қоғамдық денсаулық сақтау саласына айтарлықтай мәселе тудыра отырып, қант диабеті төрт басты жұқпалы емес аурудың (ЖЕА) бірі болып табылады.

Мәліметтер бойынша 2014 жылы қант диабетінен әлемде 1980 жылғы 108 миллионмен салыстырғанда 422 миллион ересек адам зардап шеккен. Қант диабетімен аурушаңдылықтың ғаламдық деңгейі (жас бойынша стандартталған) 1980 жылдан бері ересек тұрғындар арасында 4,7%-дан 8,5%-ға дейін екі есеге өскен. Бұл артық салмақ немесе семіздік сияқты қосалқы қауіпті факторлардың өсуінен байқалады. 2012 жылы қант диабеті 1,5 миллион өлім-жітім оқиғасының себебі болған. Қан құрамындағы глюкозаның мөлшерімен салыстырғанда аса жоғары болуы жүрек-қантамыр және басқа аурулар қаупінен арта отырып 2,2 миллион өлімді тудырған.

Жүктілік кезінде және жүктілікке дейін әйелдердің дұрыс тамақтанбауының әсері жұқпалы емес аурулардың қатарының даму қаупін арттыра отырып қысқа мерзімді және ұзаққа созылуы мүмкін.

Жүктілік кезінде артық салмақ қосу ана үшін де, бала үшін де, босанғаннан кейін анада артық салмақтың болуы және әрі қарай семіздіктің, тууалды гипогликемия, жүктіліктік қант диабеті, жатырішілік дамудың тоқтауы, іштегі нәрестенің ірі болуы және басқа асқынулармен байланысты. Артық дене салмағы бар, дұрыс тамақтанбауға әдеттенген және нәрлі микроэлементтердің қоры аз әйелдер жүкті болған кезде көп салмақ қосу және қант диабеті қатеріне шалдығады.

Қант диабетімен күресу үшін қарапайым шешімдер жоқ, дегенмен үйлестірілген, көп кешенді шаралар жағдайды түзетуге ықпал етеді. Әр адам қант диабетінің кез келген түрінің салдарын шектеуге ықпал ете алады. Мүдделі тараптар шеңберіне үкімет, медицина мекемелері, қант диабетімен ауыратын пациенттер, азаматтар қоғамы, азық-түлік өндірушілер және басқалар кіреді. Бәрі бірге қант диабетінің таралуын шектеуге және осы аурумен ауыратын адамдардың өмір сапасын жақсартуға айтарлықтай үлес қоса алады.