Сіздің облысы: Қызылорда облысы

Жүрек-тамыр ауруларының алдын алу

Бүгінгі күндерде жүрек-тамыр ауруларынан өлгендердің 50% шамасы еңбекке жарамды адамдар. Сондықтан, жүрек-тамыр ауруларының даму қаупін төмендетуде жұмыс орнын ұйымдастыру маңызды үлгі. Артериалдық гипертония ауруы Қазақстанда өсіп келеді. 135 мыңдай адамда жыл сайын жаңа пайда болған ауру тіркеледі..

Жүрек-тамыр ауруларынан мезгілсіз қайтыс болғандардың 80%-да негізгі қауіп-қатер факторларының: шылымшегу, дұрыс тамақтанбау және дене белсенділігінің аздығы, ішімдікке салыну, артық дене салмағы, күйзелудің алдын алу арқылы болдырмауға болады.

Артериалдық гипертония жастар арасында жиі анықталып отыр. Халықтың артериалдық гипертония жайындағы мәліметтері жеткіліксіз болғандықтан, олар бұл аурудың ауырлығын дұрыс бағалай алмайды, сондықтан дәрігерлерге дер кезінде бармайды, сол себептен қатерлі асқынуды болдырмау мүмкіншілігінен айырылады. Адамдар өздерінің артериалдық қан қысымының деңгейін көбінде анықтауға асықпайды, көпшілігі гипертонияның алдын алуға және салауатты өмір салтына мән бермейді, сондықтан адамдардың көбінде ауру анықталмаған қалпында қала береді.

Қазақстанда 1,5 миллиондай адамда гипертония бар және олардың тең жартысы өздеріндегі ауруды білмейді. 18 жастан асқан адамдардың бәрі Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымының ұсынысы бойынша өздерінің артериалдық қысымын білулері керек.

Артериалдық гипертонияны емдеуді неғұрлым ерте бастап, ұзақ, үзбей артериалдық қысымды қадағалап жүргізу керек, Емнің нәтижелі болуының екі маңызды факторы бар: мұқият түрде өздігінен қан қысымын қадағалау және емдейтін дәрігермен өзара толық түсіністе болу.

Кейбір жеңіл ережелерді әр адам сақтаулары керек:

  • Сіңімді аспен қоректену
  • Көбірек қимылдау
  • темекіге «жоқ» деп айту
  • қалыпты салмақты ұстау
  • өз денсаулығыңның көрсеткіштерін білу
  • алкогольді ішуді шектеу