Сіздің облысы: Қызылорда облысы

СӨС, табиғи әдіспен емделу

Ауа ваннасы

Ең қауіпсіз шынығу-бізді қоршаған ауа. Сондықтан шынығуды ауа ваннасынан бастаған жөн. Ауа ваннасын қабылдауды үшке бөліп, жылы (+30-20 С), салқын (+20-14С), және суық (+14С) төмен ауа ваннасын қабылдаудың ең қолайлы уақтысы таңғы уақыт. Ауа ваннасын қабылдау барлық 12 мүшеге оң әсерін тигізеді.

Күн ваннасы

Кез-келген тіршілік иесі күнсіз өмір сүре алмайды. Ал адам өсу барысында күн сәулесін қабылдауы өте маңызды. Ол зат алмасу процесін арттырып, қанның құрамындағы эритроциттің артуына әсер етеді. Күн сәулесін қабылдау түрлі инфекцияға қарсы иммунитеттің қалыптасуына әсер етеді.

Су процедурасы

Су-ең күшті шынығу құралы. Адам суық суға түскенде ағзада тамырлардың реакциясы пайда болады. Тамырлар тартылып- қанайналым жүйесі жақсарады. Су процедурасының ең бірінші әдісі бастан құйып жуыну. Бұл әдіс абайлап және қатаң бақылаумен жүргізу керек. Шынығу әдісінде жалаң аяқ жүру де жақсы әсер береді. Барлық суық аяқ арқылы келетінін ескеретін болсақ, аяқты шынықтыру өте маңызды.

Ендеше шынығу процедурасын күнделікті қолданып, жұмысқа деген ынтаңызды арттырып, денсаулығыңызды жақсартыңыз!