27 маусым күні №4 қалалық емханада сағат 09:00-11:00 аралығында Жастар денсаулық орталығының гинеколог, уролог, жалпы тәжірибелік дәрігер, психолог және ОСӨСҚО-нан валеолог мамандарымен бірлесе “Дені сау ұрпақ!» «Салауатты ұрпақ!" ұранымен «Ашық есік
Бүгін 27 маусым күні №4 қалалық емханада сағат 09:00-11:00 аралығында Жастар денсаулық орталығының гинеколог, уролог, жалпы тәжірибелік дәрігер, психолог және ОСӨСҚО-нан валеолог мамандарымен бірлесе “Дені сау ұрпақ!» «Салауатты ұрпақ!" ұранымен «Ашық есік» күні өткізіліп, тұрғындарға дәрігерлік кеңес берді. Репродуктивті даму және отбасын жоспарлау ерекшеліктері, АИТВ инфекциясы, жыныстық жолдармен берілетін инфекциялар, жатыр мойны қатерлі ісігін тудыратын адам папиллома вирусының алдын алу қажеттілігі туралы, салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары кең көлемде тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.