Сіздің облысы: Қызылорда облысы

22 сәуір күні І. Қабылов атындағы №12 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде оқушылар арасында "Зиянды әдеттерден бас тартып, жұқпалы аурудың алдын ал!" тақырыбында семинар өткізілді.

22 сәуір күні І. Қабылов атындағы №12 ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінде оқушылар арасында "Зиянды әдеттерден бас тартып, жұқпалы аурудың алдын ал!" тақырыбында семинар өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары Абдирова З. Жүсіпова Г. тақырып бойынша ақпарат айтып, бейнеролик көрсетті. Мектеп мейірбикесі "Тазалық денсаулық кепілі!" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тазалық сақтау арқылы аурудың алдын алуға болатыны жайлы ақпарат айтылып, бейне баяндар көрсетілді. Оқушылар белсене қатысып, сұрақ қойды. Семинарға 145 оқушы қатысып, 170 ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.