Сіздің облысы: Қызылорда облысы

16 мамыр күні Абылай хан атындағы №140 орта мектеп оқушылары арасында "Жаз айларында кездесетін қауіпсіздік ережелерін сақта! Суға түсу, жол ережелері, күн өту", "Жұқпалы емес аурулардың алдын ал!" тақырыбында семинар өткізілді.

16 мамыр күні Абылай хан атындағы №140 орта мектеп оқушылары арасында "Жаз айларында кездесетін қауіпсіздік ережелерін сақта! Суға түсу, жол ережелері, күн өту", "Жұқпалы емес аурулардың алдын ал!" тақырыбында семинар өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Жүсіпова Г. тақырып бойынша ақпарат айтып, бейнеролик көрсетті. Мектеп мейірбикесі "Тазалық денсаулық кепілі!" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тазалық сақтау арқылы аурудың алдын алуға болатыны жайлы ақпарат айтылып, бейне баяндар көрсетілді. Оқушылар белсене қатысып, сұрақ қойып, 132 ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.