Сіздің облысы: Қызылорда облысы

«Жедел респираторлы вирустық инфекциялардың алдын ал, тұмаудан сақтан - вакцина қабылда»

«Жедел респираторлы вирустық инфекциялардың алдын ал, тұмаудан сақтан - вакцина қабылда»

11 қазан күні– «П.Д.Осипенко» атындағы №8 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары арасында сала мамандарының қатысуымен семинар өтті.

Семинарға: «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-нің СӨСҚ маманы, Валеолог – Каримсакова Ботагөз Демеуқызы; №1 қалалық емханасының СӨСҚ маманы – Исламбек Жансая Қайратқызы – «Өскелен ұрпақтың репродуктивті денсаулығын сақта, денсаулығын басты байлығын » тақырыбында баяндай отырып, емхананың психологтары мен мектептің педагог - психологтары маусымдық өсуімен сипатталатын жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары туралы айта келе күзгі уақытта қауіпсіздік шаралары мен ұтымды тамақтанып, күн тәртібін сақтау жөнінде түсіндірді, түрлі тренингтер ойындар ойнатылды, бейнероликтер көрсетілді, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.