Сіздің облысы: Қызылорда облысы

16 қазан 2023 жыл, дүйсенбі күні, сағат 10:00де – «Ақжарма» елді мекенінің «Баймұрат батыр» ауылына қарасты №218 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының арасында сала мамандарының қатысуымен семинар өтті.

16 қазан 2023 жыл, дүйсенбі күні, сағат 10:00де – «Ақжарма» елді мекенінің «Баймұрат батыр» ауылына қарасты №218 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушыларының арасында сала мамандарының қатысуымен семинар өтті. Семинарға: «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-нің СӨСҚ маманы, Валеолог – Каримсакова Ботагөз; №4 қалалық емханасының СӨСҚ маманы – Махмұтова Жамиля – «Тазалық - денсаулық кепілі, жұқпалы аурулардан вакцинация қорғайды !?!» тақырыбында баяндаса, психолог - Жеңіскүл Маратқызы - «...Буллинг пен кибербуллинг жөнінде әңгімелессек» тақырыбында баяндаса, облыстық жастар денсаулығы орталығының валеологтары - Айман Задашқызы мен Айгерім Мұратқызы - «Жасөспірімдер және зиянды әдеттер, денсаулыққа әсері, ұтымды тамақтан !» тақырыптарында баяндай отырып, маусымдық өсуімен сипатталатын жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары туралы айта келе күзгі уақытта қауіпсіздік шаралары мен ұтымды тамақтанып, күн тәртібін сақтау жөнінде түсіндірді, бейнероликтер көрсетілді, ақпараттық танымдық материалдар таратылды