Сіздің облысы: Қызылорда облысы

Темекі тұтынудың алдын алу

Темекіні тұтыну бір кездері әлемде пайда болған денсаулыққа қауіп төндіретін қатерлердің бірі болып табылады. Жыл сайын ғаламдық темекі індеті 6 миллионға жуық адамдықазаға душар етеді, соның ішінде 5 миллионы темекі тұтынатындар және бұрын тұтынғандар арасында орын алады, ол адамдардың ішінде 600 000-нан аса адам шылымқор емес, бірақ олар темекі түтінімен дем алғанның нәтижесінде қаза тапқандар. Әр 6 секунд сайын бір шылымқор өледі, яғниәр өлім-жітім оқиғасы ересек адамдарға тиесілі. Қазіргі темекіні тұтынушылардың жартысына жуығы темекімен байланысты қандай да бір аурудың себебінен қаза табады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері (бұдан әрі - ДДҰ) бойынша әрі қарай темекі мен ішімдікті шамадан тыс тұтынудың таралуымен күресу үшін аса тиімді тәсіл, өз кезегінде темекі мен алкогольді тұтынуға байланысты денсаулық сақтау саласының шығынын жабатын мемлекеттік шығынды төмендетуге ықпал ететін аталған өнімге сұранымды төмендетуге, темекіні тұтыну мен таралуды шектеуге тікелей бағытталған салық және баға саясатын жүргізу болып табылады.