«Дүниежүзілік жүрек» күніне орай Ә. Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері арасында «Жүрегінді әрекет ету үшін пайдалан!» тақырыбында акция ұйымдастырылып өткізілді
2024 ж 29 — қыркүйек «Дүниежүзілік жүрек» күніне орай Ә. Тәжібаев атындағы әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері арасында «Жүрегінді әрекет ету үшін пайдалан!» тақырыбында акция ұйымдастырылып өткізілді. Акция барысында қызметкерлердің қан қысымын, бой, салмақ және қандағы қант мөлшері анықталып, тіркеуге алынды. Акцияға №3 қалалық емдеу алдын алу мекемесінің СӨС дәрігері Жандарбекова Ақжан және СӨС маманы Сереева Асель қатысты.