29 сәуір күні Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінде оқушылар арасында, "Тұмау мен ЖРВИ алдын алу: балалар мен ата-аналарға арналған ескерту", "Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын-алу шаралары" тақырыбында семинар өткізіл
29 сәуір күні Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінде оқушылар арасында, "Тұмау мен ЖРВИ алдын алу: балалар мен ата-аналарға арналған ескерту", "Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын-алу шаралары" тақырыбында семинар өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Жүсіпова Г. №1 қалалық емхана СӨСҚ маманы Исламбек Ж. тақырып бойынша ақпарат айтып, бейнеролик көрсетті. Мектеп мейірбикесі "Денсаулық - зор байлық!" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тазалық сақтау арқылы аурудың алдын алуға болатыны жайлы ақпарат айтылып, бейне баяндар көрсетілді. Оқушылар белсене қатысып, сұрақ қойды. Семинарға 30 оқушы қатысып, 85 ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.