"Ұтымды тамақтану", "Жүрек қан тамыр ауруларының алдын алайық" семинар өткізілді
Ақпан айының 28-ші жұлдызында М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінің 3 курс студенттері арасында "Ұтымды тамақтану", "Жүрек қан тамыр ауруларының алдын алайық" тақырыптарында орталық мамандары Ш.Имангалиева, З.Абдирова Жастар денсаулығы орталығының маманы Г.Алмурзаева, №5 қалалық емханасының ЗОЖ дәрігері Т.Мұханбетқызының қатысуымен семинар өткізілді. Семинар барысында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сұрақтар қойылып, студенттер өз пікірлерін айтты. АТМ таратылып, тренингтер жүргізілді.