10 қазан күні– Тасбөгет кентіне қарасты «Нәлқожа Ергешбаев» атындағы №172 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары арасында сала мамандарының қатысуымен семинар өтті.
«Жедел респираторлы вирустық инфекциялардың алдын ал, тұмаудан сақтан, екпе қабылда»
10 қазан күні– Тасбөгет кентіне қарасты «Нәлқожа Ергешбаев» атындағы №172 орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары арасында сала мамандарының қатысуымен семинар өтті. Семинарға: «Қызылорда облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» ЖШС-нің СӨСҚ маманы, Валеолог – Каримсакова Ботагөз Демеуқызы; №4 қалалық емханасының СӨСҚ маманы – Махмұтова Жамила Ануарбекқызы – «Ұтымды тамақтан, денсаулығын басты байлығын » тақырыбында баяндай отырып, маусымдық өсуімен сипатталатын жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары туралы айта келе күзгі уақытта қауіпсіздік шаралары мен ұтымды тамақтанып, күн тәртібін сақтау жөнінде түсіндірді, бейнероликтер көрсетілді, ақпараттық танымдық материалдар таратылды.