19 сәуір күні М.Ықсанов Қызылорда Политехникалық Колледжі студенттері арасында "Зиянды әдеттерден сақтанып, жұқпалы аурулардың алдын ал!" тақырыбында сала мамандарымен бірлесе семинар өткізілді.
19 сәуір күні М.Ықсанов Қызылорда Политехникалық Колледжі студенттері арасында "Зиянды әдеттерден сақтанып, жұқпалы аурулардың алдын ал!" тақырыбында сала мамандарымен бірлесе семинар өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мамандары, №3 қалалық емхана СӨСҚ дәрігері "Жұқпалы аурудың кең таралу қаупі жоғары!" тақырыптарында ақпарат айтты. Әлеуметтік маңызы бар аурулар жайында бейнеролик көрсетіліп, слайдпен ақпарат берілді. 68 студент қатысып, 138 ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.