23 сәуір күні Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектеп оқушылар арасында "Салауатты өмір салтын ұстау - оқушы денсаулығының байлығы!", "Қызылшаның алдын ал!" тақырыбында семинар өткізілді.
23 сәуір күні Ж.Нұрсейітов атындағы №233 орта мектеп оқушылар арасында "Салауатты өмір салтын ұстау - оқушы денсаулығының байлығы!", "Қызылшаның алдын ал!" тақырыбында семинар өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандары Абдирова З. Жүсіпова Г. тақырып бойынша ақпарат айтып, бейнеролик көрсетті. Мектеп мейірбикесі "Денсаулық - зор байлық!" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тазалық сақтау арқылы аурудың алдын алуға болатыны жайлы ақпарат айтылып, бейне баяндар көрсетілді. Оқушылар белсене қатысып, сұрақ қойды. Семинарға 65 оқушы қатысып, 110 ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.