13 мамыр күні №8 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты оқушылары арасында "Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын ал!", "Жаз айларында кездесетін қауіпсіздік ережелерін сақта! Суға түсу, жол ережелері, күн өту" тақыры
13 мамыр күні №8 Облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты оқушылары арасында "Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының алдын ал!", "Жаз айларында кездесетін қауіпсіздік ережелерін сақта! Суға түсу, жол ережелері, күн өту" тақырыбында семинар өткізілді. Салауатты өмір салтын қалыптастыру маманы Жүсіпова Г. тақырып бойынша ақпарат айтып, бейнеролик көрсетті. Мектеп мейірбикесі "Тазалық денсаулық кепілі!" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тазалық сақтау арқылы аурудың алдын алуға болатыны жайлы ақпарат айтылып, бейне баяндар көрсетілді. Оқушылар белсене қатысып, сұрақ қойып, ақпараттық-танымдық материалдар таратылды.