Ана сүтімен тамақтандыру
БҰҰ 15 жылдан кейін әлемді қалай көргісі келетіні, бірінші кезекте нені өзгерту керектігі жөнінде 2015-2030 жылдарға арналған жоспарды, «»Тұрақты даму мақсаттарын» тұжырымдады. Әрине, баланы емізу әлемдегі барлық адамдарға салауатты өмір салты, сапалы білім беруді қамтамасыз ету, әйелдердің құқығы мен гендерлік теңдік (әділдік), экономикалық өсу, қауіпсіздік, тұрақтылық, үйлесімді тамақтану және ресурстар мен суға, экологияға қолжетімділік секілді барлығы 17 мақсатқа жетуге мүмкіндік береді.
Баланы емізу нәрестенің дені сау өсуі және дамуы үшін қажетті нәрлі заттектермен қамтамасыз етудің мінсіз тәсілі болып табылады. Барлық ана баланы отбасының және денсаулық сақтау саласының тарапынан нақты ақпарат пен қолдау алған жағдайда емізе алады. Алғашқы алты ай бойы тек емізу, одан кейін қосымша тамақ бере отырып, екі жасқа немесе одан үлкен жасқа дейін емізуді жалғастыру қажет.
Жаңа туылған балаға үйде тиісті күтім жасау, аурудың асқынуын ерте емдеу, бала жасындағы ауруларды интеграциялап жүргiзумен (БЖАИЖ) қатар емізу өмір бойы баланың денсаулығын күшейтуге және түрлі аурулар қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.