Жіті ішік инфекциясын алдын алу
Азық-түліктен болатын ауру індеті айтарлықтай маңызды: жыл сайын әр оныншы адам ауырып, 33 миллион сау өмір жасын жоғалтады. Азық-түліктен ауыру әсіресе нәрестелер үшін ауыр болуы мүмкін. Іштің өтіп ауыруы — таза емес тағамнан туындаған ең көп таралған ауру. Онымен жыл сайын 550 миллион адам, оның ішінде 5 жастан кіші 220 миллион бала ауырады.
Азық-түліктен болатын аурулар — залалды су немесе тағам арқылы ағзаға түсетін жұқпалы аурулар немесе бактериялар, вирустар немесе химиялық заттектер тудыратын ағзаның улануы.
Азық-түліктен болатын аурулар қоздырғыштары іштің жедел өтуін немесе ағзаны әлсірететін инфекциялар, оның ішінде менингитке шалдықтыруы мүмкін. Азық-түліктен болатын аурулар ұзақмерзімді мүгедектіктің және өлім-жітімнің себебі болуы мүмкін. Қауіпті азық-түлік түрлеріне жануардың шикі өнімдері, ластанған жемістер мен көкөністер, сондай-ақ теңіз биоуыттары бар шикі моллюскалар жатады.
Salmonella, Campylobacterжәне Escherichiacoliішек таяқшаларыныңэнтерогеморрагиялық штаммы — жыл сайын миллиондаған адамдар зардап шегетін аса кең таралған азық-түліктен болатын ауруларды қоздырғыштардың бірі. Кейбір жағдайда осы қоздырғыштар тудырған аурулар қауіпті болып, өлім-жітімге душар етеді.