Жедел респираторлық вирустық инфекция, тұмау мен пневмококктық инфекциялардың алдын алу
Тұмау мен ЖРВИ індет пен өлім-жітімге әкеле отырып, қоғамдық денсаулық сақтау саласына қауіпті мәселе тудырады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше дүниежүзінде тұмаудың салдарынан әлемде 3-5 млн. ауыр оқиға мен 250-500 мың өлім-жітім тіркеледі.
Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 2014 жылы ЖРВИ-дің 765546 оқиғасы және 960 тұмау оқиғасы тіркелген.
Тұмау көбінесе мұрынның, тамақтың, бронхтың және кейде өкпенің қабынуына әкеп соғаты вирустық инфекция болып табылады. Әдетте, ауру бір аптаға созылады. Оған тән белгілерге дене қызуының бірден көтерілуі, бұлшық ет пен бастың ауруы, қатты ауыру (өзі-өзі нашар сезіну), құрғақ жөтел, тамақтың ауыруы және ринит жатады.
Вирус ауруды жұқтырған адам жөтелгенде немесе түшкіргенде бөлінетін ауа-тамшылары арқылы адамнан адамға жұғады. Тұмаудың мезгілдік індет туғыза отырып, тез тарау үрдісі бар.
Індетті жұқтырған адамдардың көпшілігі ешқандай ем қабылдамай-ақ бір-екі аптада айығып кетеді. Алайда, балалар, қарт адамдар және қауіпті ауырумен ауыратын адамдар үшін тұмау қауіпті, ол аурулардың асқынуына, өкпенің қабынуы мен өлім-жітімге алып келуі мүмкін.
Вакцинация — тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолы. Вакцинация тұрғындардың барлық топтарына ұсынылады.