Сіздің облысы: Қызылорда облысы

Ішімдік ішудің алдын алу

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарының (бұдан әрі - ДДҰ) мәліметтері бойынша алкоголь әлемде темекіні артқа тастап ауру мен мезгілсіз өлім-жітімнің үшінші жетекші себебі болып табылады. Әлемде алкогольді шамадан тыс тұтынудың нәтижесінде жыл сайын 3,3 миллион өлім-жітім оқиғасы болады, ол барлық өлім-жітім оқиғасының 5,9%-ын құрайды. Алкогольді тұтыну ерте өлім-жітімге және мүгедектікке алып келеді. 20-39 жас аралығындағы адамдар арасында шамамен 25% өлім-жітім оқиғасы алкогольмен байланысты.

Алкогольді тұтыну ауру және жарақатпен байланысты денсаулықтың бұзылуының 200-ден астам түрінің себепті факторы болып табылады. Алкогольді тұтыну психологиялық және мінез-құлықтық, соның ішінде алкогольге тәуелділік, бауыр циррозы, обырдың кейбір түрлері мен жүрек-қантамыр аурулары секілді ауыр инфекциялық емес аурулар, басқа ағзалардың зақымдалуы секілді денсаулыққа қатысты қиындықтардың даму қауіптерімен байланысты. Алкогольдің зиянды әсерінен болатын аурулар індетінің айтарлықтай үлесі байқаусыз және әдейі, соның ішінде жол-көлік апатының, зорлық және өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің нәтижесінде жарақат алуға байланысты.