Сіздің облысы: Қызылорда облысы

Жүктілік кезіндегі тамақтану

   Егер әйелдің бастапқы (жүктілікке дейінгі) салмағы белгілі болса, жүкті және емізетін анаға тамақтану жайлы ұсыныстар беру нақты болады. Жүктілікке дейін әйелдің салмағы қалыпты, төмен не артық болуы мүмкін, оны ДМИ арқылы бағалайды.

   ДМИ – салмақ (кг) пен бойдың (м2) ара-қатнасы.

ДМИ = салмақ (кг) : бой (метр) 2

 

ДМИ есебінің мысалдары:

Гауһар: салмағы – 55 кг, бойы – 1,55 м; ДМИ = 55 : (1,55) 2 = 55 : 2,4 = 22,9

Ольга: салмағы – 60 кг, бойы – 1,69 м; ДМИ = 60 : (1,69) 2 = 60 : 2,9 = 20,7

 

Салмақ есептелуі:

Төмен: ДМИ = < 19

Қалыпта: ДМИ = 19 – 25

Асқын: ДМИ= 25 - 30

Семіздік: ДМИ = > 30

Сонымен, Гауһар мен Ольганың салмағы қалыпта.

 

Жүкті әйелдің салмағы оның бастапқы салмағына байланысты (жүктілікке дейінгі).

Әдетте, әйел салмағы мен бой шамасын біледі.

   Жүкті әйелдің салмақ қосуына: баға беру үшін:

1) Жүктілікке дейінгі салмақ пен бойыңызды корсетініз

2) Оның ДМИ-н есептеп (қалып шамасын ескеріп), салмақтың аптасына қанша қосылғанын бағалайсыз

Орташа жүкті әйел жүктілік мерзімінде шамамен 10-12 кг қосады.

Мына слайдта қосылған салмақтың үлестері көрсетілген.

   Көңілінізді 4 кг май тініне аударыңыз, бұны организм туыттан кейінгі лактация керегіне қор етеді. Сондықтан әйелдің салмағы артуына байланысты мазасыздануының негізі жоқ, себебі бала емізу – салмақты реттеудің ең жақсы жолы.

   Ең алдымен, әйел үшін дұрыс тамақтану рационын қамтамасыз ету керек. Бұл үшін тамақтану пирамидасын пайдаланыңыз, онда күнделікті тамақтануға қажет түрлі тамақтың салыстырмалы мөлшері көрсетілген:

- Күніне бірнеше рет жарма, макарон өнімдері, күріш, картоп, нан мен оның өнімдерін жеу (І-топ)

- Кемінде 400 г – түрлі көкөніс пен жеміс (картоптан тыс), дұрысы жергілікті өнім болып, ұқсатудан өтпесін (II-топ)

- Сүт өнімдерінен тұзы мен майы азын таңдау (III-топ)

- Семіз ет пен оның өнімдерін арық сиыр, қой, құс етіне, балық, бұршақ, машқа (Орта Азиядағы бұршақ түрі) ауыстырыңыз (IV-топ)

- Тағамның тұзы мен майы азын және рафинад, варенье, бал, сұық ішімдіктер мен қанты бар тамақ ішуді азайту (V-топ)

   Жүкті және бала емізетін әйелдер екі есе артық жеуі тиіс деген пайым дұрыс емес. Жүкті және бала емізетін әйелдердің қуат сұранысы шамалы, бар болғаны 200-300 ккал күніне қосымша соңғы триместрде, бұл 3 шамалы нан бөлігі не 1,5 стакан сүтке тең.

   Емізетін әйелге шамалы көбірек – күніне 400-500 ккал; бірақ бұл шығын жүкті кезде жинаған май қорынан-ақ толады.

   Яки жүкті және бала емізетін әйелдердің күнделікті рационы дұрыс тағамнан тұрып, тиісті темір, А витамині мен кальций мөлшерін қамтамасыз етуі жөн.

   Жүкті және емізетін әйелдерде тамақпен тиісті мөлшерде А, С витамині, кальций, темір және йод болуы тиіс; бұл баланың құрсақішілік кезеңінен бастап оның дұрыс өсіп, жетілуі үшін қажет. Яки, бұл әйелдердің тамақтану үлесінде бұл витаминдер мен минералдар құрамы бойынша толыққанды болуы тиіс.

  • А вит. сүт пен оның өнімдерінде, бауыр (әсіресе балықтың), жұмыртқаның сарысы, күңгірт жасыл, ашық сары, сары көкөніс пен жемістердің құрамында болады;
  • С вит. көптеген көкөніс пен жемістерде, әсіресе жас, жаңасында
  • Кальций сүт, сүт өнімдерінде
  • Теңіз балығы, теңіз тағамдары және йодталған тұз - жүкті және емізетін әйелдерге йод көзі. Сондықтан ас даярлауға ТЕК йодталған тұз қолданыңыз. Бұнда есте болатыны: күніне 1 шай қасықтан (тола емес) көп емес (5 гр).
  • Тиісті мөлшерде темір мөлшерін күніге алу үшін:

- Жеткілікті ет пен балық жеу;

- Тамаққа жиі бұршақтар қолдану;

- Негізгі тамақ жеу кезінде шай ішпеу (кемінде 2 сағаттан соң!). Шай ішілген тамақтан темір абсорбциясын төмендетеді.

   Жеткілікті мөлшерде А, С витамині, Са мен темірдің түсуін қамтамасыз ету үшін есте болатыны: жүкті және емізетін әйелдердің үлесінде «сүт және оның өнімдері» және «ет, балық, бұршақтар» бір үлес артық болып, көкөніс пен жемістер жеткілікті болуы жөн.

   Шай тамақпен түсетін темірді байлайды, сондықтан жүкті және емізетін әйелдер негізгі тамақты жеу кезінде шай ішпеуі тиіс