Дене белсенділігі
Созылмалы жұқпалы аурулардың алдын алу үшін әрбір адам белсенді болуы қажет. Бұл мәселеге ойлану қажет. Дене тәрбиесімен айналыспас бұрын қандай спорт түрін таңдау қажеттігін анықтау, өз денсаулығына баға беру, жаттығу барысында өз жағдайына өз бетінше бақылау жүргізу әдістерін меңгеруі қажет.
Жалпы кеңестер:
- Жаттығу жүйелі және белгілі бір мақсатты көздеуі қажет. Жалқаулыққа берілмеңіз, бәрін ертеңге қалдырмаңыз, осындай жағдайда ғана денсаулығыңыздың мықты болатынына сенімді боласыз. Алғашқы кезде - екі айға жуық уақыт жаттығу ырғағына «енумен» өтеді. Содан кейін алғашқы нәтижелер пайда болып, Сіз рахаттана жаттығатын боласыз.
- Барлық жерде жаттығуға болады, бірақ таза ауада спортпен айналысқан пайдалы.
- Егер сіз ұзақ уақыт бойы спортпен айналыспаған болсаңыз, жүктемені бірте-бірте арттырған жөн. Алғашқы жаттығудан алған жүктеме бұлшықет пен буындарды ауыртады, жаттығуға қызығушылығыңыз төмендеуі мүмкін.
- Әрбір жаттығудың алдында 10-15 минут керіліп-созылған дұрыс. Бұл бұлшықет пен жүректің алдағы уақыттағы жүктемеге дайындау үшін қажет. Оның сұлбасы мынандай болады. Жүру, жеңіл жүгіру, тартылу жаттығулары, орнында тұрып секіру, дене, қол мен аяқ бұлшықеттерін дамытуға арналған жаттығулар.
- Спортпен айналысу барысында әртүрлі қарқынды жаттығулар бірге жүреді, яғни жеңіл жаттығулар және жүктемелікті қажет ететін жаттығулар. Созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын алу мен денсаулықты нығайту үшін қажет.
- Өзіңізге назар аударыңыз – жаттығудан кейін аяқ, қолдың бұлшықеті, арқасы мен кіндік тұсы ауыруы мүмкін. Бұл табиғи құбылыс. Егер әлсіздік, шаршау ұзақ уақытқа дейін басылмаса, жаттығуды үзіп, жүктемені азайту қажет. Шектен тыс жаттыққандықтың белгілері:
- аяқ пен қолдың ауырлық сезімі, жаттығу орындау кезінде кенеттен ауыру;
- ұйқысыздық, тәбеттің болмауы, бас ауруы, жаттығудан кейін жүрек айну;
- үнемі шаршау, тіпті жаттығудан кейін 1-2 күнге дейін әлсіздік сезімі жалғасады;
- жаттығуға қызығушылықтың жоғалуы;
- таңертең тыныштық қалпында жүрек соғысы қалыпты көрсеткішке қарағанда минутына 10-нан артық соғады.
Егер сіз спортпен сауығу үшін айналысатын болсаңыз, бұлар негізгі көрсеткіш болып табылады.