Сіздің облысы: Қызылорда облысы

Иммундау

Иммундау миллиондаған өмірді құтқарып, денсаулық сақтау саласында ең ықпалды және тиімді шаралардың бірі ретінде кең танылды. Қазір әлемде әлі вакцинация жасалмаған немесе вакцина жеткіліксіз жасалған 19,4 миллион бала бар.

Сонымен қатар, иммундау денсаулық сақтау саласында вирустық гепатитке қарсы күрестен бастап микробқа қарсы дәрілерге төзімділікті ұстауға, жасөспірімдердің денсаулықтарын сақтауға арналған тұғырмен қамтамасыз ету және босануға дейінгі және жаңа туылған нәрестеге көмектесу сапасын арттыруға дейінгі басым мақсаттарға қол жеткізуіне арналған басты стратегиялардың бірі болып табылады.

Иммундау өмірге қауіп төндіретін жұқпалы аурулармен күресуге және оны жоюға арналған тексерілген құрал болып табылады. ДДҰ-ның анықтауы бойынша иммундау жыл сайын 2-ден 3 миллионға дейін өлім-жітім оқиғасының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл денсаулық сақтау саласының тексерілген стратегиясы бар, халықтың ең қиын және осал топтарын иммундаумен қамтамасыз ететін ең тиімді инвестицияның түрінің бірі болып табылады.