«Денсаулык жолы»
Ғаламдық індет және жұқпалы емес аурулардың қаупі (бұдан әрі - ЖЕА) әлемде әлеуметтік және экономикалық дамуға зиян келтіретін қоғамдық денсаулық сақтаудың қауіпті мәселесі болып отыр. Осы қауіпті азайту үшін елдер мен халықтар арасында теңсіздіктің артуының алдын алуды мақсат еткен ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейдегі шұғыл әрекеттерді талап етеді.
Анықтауға сәйкес 36 миллион өлім-жітім немесе 2008 жылы әлемде тіркелген 57 миллион өлім-жітімнің 63%-ы жүрек-қантамыр ақаулары (48%), онкологиялық аурулар (21%), тыныс алу жолдарының ақаулары (12%) және қант диабеті (3.5%) сияқты ЖЕА тудырған.
ДДҰ-ның болжамына сәйкес егер шара қолданылмаса, жыл сайын ЖЕА-да жалпы өлім-жітім көлемі 2030 жылға қарай 55 миллионға дейін артады. Ғылыми білім қолда бар пайдалы профилактикалық және емдік шараларды тиімді жүргізуде және олардың арасындағы теңдікті сақтауда ЖЕА ауытпалығын айтарлықтай азайтуға болады.
Өлім-жітімнің бес басты ғаламдық қауіп-қатеріне жоғары артериялық қан қысымы, темекіні тұтыну, қан құрамындағы қант деңгейінің жоғары болуы, жеткіліксіз дене белсенділігі, артық салмақ пен семіздік жатады. Осы факторлар жүрек ауруы мен обыр секілді созылмалы аурулардың даму қаупін арттырады. Олар табыс деңгейі бойынша барлық топтағы елдерде (табыс деңгейі жоғары, орташа және төмен елдерде де) байқалады.
ЖЕА ауыртпалығын азайтудың маңызды әдістерінің бірі осы аурулармен байланысты қауіп-қатер факторларын азайту күшті жұмылдыру болып табылады. Кең таралған өзгертуге болатын қауіп-қатер факторларын (негізінен, темекіні тұтыну, дұрыс тамақтанбау және төмен дене белсенділігі, сондай-ақ алкогольдік ішімдікті шамадан тыс тұтынуды) және ЖЕА мен оны дамытатын қауіпті факторлар індетін азайтатын тәсілдер бар.
ЖЕА-мен ауыртпашылық және өлім-жітімді төмендету мақсатында ЖЕА-ны тудыратын қауіпті факторларды төмендету мәселесіне халықтың сауаттылығы мен белсенділігін арналған азаматтардың ортақ жауапкершілігіне, уақытында скринингтік тексеруден өтуге және денсаулықты күшейту мен сақтауға ықпал ететін ережелерді, соның ішінде көкөніс пен жетісті тұтынуды тәулігіне 400 граммға дейін арттыруды, тұзды тұтынуды тәулігіне 5 граммға дейін төмендетуді, майларды, тез сіңетін көмірсуларды (фаст-фудтар, тәтті газдалған сусындарды) шектеу, дене белсенділігін күніне 30-дан 60 минутқа дейін арттыру, дене салмағын бақылау, шылымқорлық пен ішімдікті тұтынуды шектеу немесе бас тарту сақтауға үлкен рөл атқарылады.