Ыстық тамақтың пайдалы қасиеті
Адам өмірінде ыстық тамақтың маңызы ерекше. Дәрігерлер мен педагогтердің көп жылғы бақылау тәжірибесі көрсеткеніндей, егер оқу барысындағы бір күн ішінде ыстық тамақ ішпесеңіз, онда тез шаршау, бас ауруы, асқазан ауруы, көңіл-күйдің төмендеуі, жұмыс қабілетінің нашарлауы байқалады.
Ғалымдардың пікірі бойынша оқушылардың таңғы тамағы олардың энергиядағы тұтынуының 25%-ын, ал түскі тамақта - 30%-ын толтыруы қажет екен.
Өкінішке орай, көптеген оқушылар ыстық тамақтың орнына «фаст фуд», майға қуырылған картоп, бутерброд, коммерциялық газдалған сусын, қатқан нан, тағы басқа тәтті тағамдар жегенді хош көреді. Мұндай тағамдар қарынды тойдыруы мүмкін. Бірақ организмге ешқандай пайда келтірмейді. Мектеп асханалары мен буфеттерінде ыстық тамақтардың қатарында дәндік, жарма, ет тағамдары, балық, құс еті, сүт тағамдары, жеміс, жидек, көкөніс, компот немесе шай т.б. болуы тиіс. Бұл оқушы организмінің ақуыздарды, майларды, көмірсутегін, микроэлементтерді қажетті мөлшерде алуына мүмкіндік береді. Асханалар мен буфеттердің мамандары оқушы тамағы ас пен түскі тамақты қалай дайындау керектігін жақсы біледі.
Күндізгі ыстық ас: біріншіге көжелерді (ет, балық, көкөністер, сүт), екіншіге ет, тауық немесе балық гарнирімен, палау, көкөністерден жасалған рагу, тефтелдер, котлеттер және басқаларын; үшіншіге компот, шай,қымызды қамтиды. Түскі тамақты нанмен ішкен дұрысырақ.
Көптеген жоғарғы сыныптың оқушылары ыстық тамақты тек «кішкентайлар» үшін деп санайды, жасөспірімдер үшін де таңертеңгі және түскі ыстық астың маңызы зор, үйткені жоғарғы сыныптың оқушыларына, бастауыш сыныптағылырға қарағанда көбірек оқу керек және ол үшін күш көп керек.